1-маусым 2022 жылы, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі бүкіл әлемдік «1 – маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында спорттық ойындардан шағын спорттық жарыс ұйымдастырды.
Спорттық ойындардың негізгі мақсаты балалардың спортқа деген ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, колледжіміздің білім алушыларының бірлігі мен ынтымақтарын арттыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Студенттеріміз бүгінгі көңілді спорттық ойындарды волейбол ойындарынан бастады. Тартысты әрі қызықты ойын тепе-тең ұпаймен достық жеңісімен аяқталды.
Жасөспірім балалар бірінші курстар арасында кіші футбол ойыны да ұйымдастырлып, 07161300-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының 1-курс студенттері жеңіске жетті.
Бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Білімді және денсаулығы мықты азамат болып, еліміздің ертеңгі тірегі мен керегесін мықтап ұстайтын азамат пен азаматша болуларыңа тілектеспіз.